«No13 орта мектебі» КММ-де «Менің жетістігім – менің нәтижем» тақырыбында дебат өтті.
Дебатқа 9-11 сынып оқушылары қатысты. Бұл шараның мақсаты – «Ұшқыр ой алаңы» жобасы бойынша мектеп оқушылары арасында пікірсайыс қозғалысын насихаттау. Оқушылар пікірсайыс қозғалысына қосылу туралы бастамаға ынталы болды.
Оқушылар пікірсайыстың негізгі форматтарымен танысты, дебаттық сөздің жұмыс жоспары мен құрылымымен танысты. Оқушылар дебатта бақтарын сынап көрді.Мектеп оқушылары еңбек тақырыбын және оның нәтижелерін талқылай келе, еңбек қазіргі қоғамның ажырамас бөлігі және адамның басты жетістігі деген қорытындыға келді. Олар да еңбектері арқылы үлкен жетістіктерге жетіп, елінің абыройын асқақтата алатынын түсінді.